Профи-бокс
10 қазан 2017 16:45
 
WBC Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді өткізуге не үшін келісім берді

  Пікірлер

blog.share

WBC Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді өткізуге не үшін келісім берді ©Chase Stevens/ Las Vegas Review-Journal

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуді неліктен ұйымдастырып жатқанын түсіндіріп берді. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлайды. 

"Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді өткізуіміздің себебі өте көп, Ең бастысы - бұл кездесуді бүкіл әлем қалап отыр. Екіншіден, боксшылардың өзі де бұл жекпе-жекті асыға күтуде. Сондықтан да біз екінші кездесуді тез арада ұйымдастыруды жөн санадық", - дейді Сулейман. 

Еске салайық, Бакуде өткен WBC кеңесінің 55 конвенциясында Сулейман кеңес мүшлері Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді өткізуге рұқсат берген болатын. Қазақстандық боксшы Том Леффлердің айтуынша, Головкин үшін "Канеломен" екінші рет кездесу маңызды. Бірақ жекпе-жек туралы келісімге келе алмаса, GGG басқа боксшылармен кездеседі. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең нәтижемен аяқталды. Бұл жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерін сақтап қалды. 

Бұл екі боксшының екінші кездесуі 2018 жылы өтуі мүмкін. Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, екінші кездесу 5 мамырда өтеді екен. 

Жарнама

Живи спортом!