WBC дауға ұласқан чемпиондық жекпе-жекке байланысты шешім шығарды

©boxingscene.com©

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) жартылай орта салмақта ұйымның "уақытша" чемпиондық атағы сарапқа салынған венесуэлалық Габриеэль Маэстре (4-0, 3 КО) мен америкалық Микал Фокс (22-3,5 КО) арасындағы даулы кездесуге байланысты шара қолданды, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Бұл кездесу 7 тамыз күні АҚШ-тың Миннеаполис қаласында Premier Boxing Champions компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Айқастың екінші раундында Фокс қарсыласын нокдаунға түсірген еді. Бірақ 12 раундтың қорытындысы бойынша венесуэлалық боксшы 114-113, 115-112 және 117-110 есебімен жеңіске жетті. 

Кәсіпқой бокста үлкен дау шықты. Төрешілер пара алды деп айыпталуда

Осы даулы шешімге байланысты WBA президенті Жилберто Мендоса 66,7 келі салмақта ұйымның "уақытша" чемпиондық белбеуі қайта бос қалатынын және боксшылар қайта кездесіп, кім мықтыны анықтайтынын мәлімдеген болатын. 

Сонымен қатар, осы кездесуде төрелік етіп, басы дауға қалған Глориа Мартинес қызметінен босатылды. Алайда бұл қазының қанша уақытқа шеттетілгені белгісіз. Тағы бір айта кетерлігі, Мартинес сапасыз жұмысы үшін емес, әлеуметтік желіде нәсілшілдікке байланысты пікірі үшін жұмысынан шеттетілген. 

Қалған екі төреші Джон Марино мен Дэвид Сингх Фокс пен Маэстре арасындағы екінші кездесуге қазылық жасамайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар