Профи-бокс
21 мамыр 2017 14:27
 
WBA президенті Мурата - Н'Жикам жекпе-жегінің шешімімен келіспейтінін айтты

  Пікірлер

blog.share

WBA президенті Мурата - Н'Жикам жекпе-жегінің шешімімен келіспейтінін айтты Жилберто Мендос-кіші. Фото: boxeadores.cl

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) президенті Джилберто Мендоса-кіші күні кеше орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте қызмет еткен төрешелердің жұмысына көңілі толмағанын жеткізді. 

Аталмыш жекпе-жекте француз Хассан Н'Дам Н'Жикам (36-2, 21 КО) жапондық қарсыласы Рета Муратаны (12-1, 9 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
 
"Қазылардың жұмысына көңілім толмады. Менің мақсатым - төрешілердің әділетті шешім шығарып, бокссүйер қауым үшін таза спорт түрін қалыптастыру. Мұндай жағдайлардың болуы өкінішті-ақ. Қос боксшының қайта жұдырықтасқанын талап еткім келгенімен, алдымен жеңімпаз міндетті түрде Роб Брэнтпен шаршы алаңға шығуы қажет", - дейді WBA президенті.

Жарнама

Живи спортом!