9dJpu955lySsYbJzOp8XD7LjQG27hBmWnUn83dt7
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

WBA чемпионы Қанат Исламмен жекпе-жек ұйымдастыра алмапты

WBA чемпионы Қанат Исламмен жекпе-жек ұйымдастыра алмапты
©Vesti.kz
Аргентиналық тілші Виктор Оливейра Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында бірінші орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы аргентианлық Брайан Кастаньо (15-0, 11 KO) мен қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 KO) арасындағы өтпей қалған кездесу туралы айтып берді. 

"Брайан Кастаньоның командасы Қанат Исламмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті болған. Тіпті екі тарап келісімге келуге жақын еді. Бірақ WBA қазақстандық боксшыны Джон Верамен кездесу өткізуге міндеттеді. Бұл шешімнің боксшылардың жоспарына кедергі келтіргені өкінішті. Қазақстандық боксшы көпішілікке қатты таныс емес. Бірақ оның Кастаньоға қарсы кездесу керемет болар еді. Алдағы уақытта бұл екі боксшы кездеседі деп үміттенемін", - деді Оливейра. 

Айта кетейік, 11-наурыз күні аргентинкалық боксшы франциялық Седрик Витумен (46-3, 19 KO) чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Ал WBA болса Қанат Исламның Джон Верамен (18-0, 11 KO) кездесу өткізуді міндеттеген болатын. Қай жеңгені чемпиондық белбеудің міндетті қарсыласы болуы керек болатын. Бірақ екі боксшының командасы келісімге келе алмады. Енді Вера франциялық Мишель Соромен (31-2-1, 21 KO) кездеседі. 

Жуырда "QAZAQ" бірнеше қазақ боксшыларының жекпе-жектерін ұйымдастыратын менеджер Эгис Климаспен келісімшарт жасады. Қазақ боксшыларынан бөлек бұл маман украиналық Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) және Александр Усик 14-0, 11 КО) секілді танымал боксшылармен жұмыс істейді.

Келісімшарт жасалғаннан кейін Климас бір-екі кездесуден кейін Қанат Исламның чемпиондық белбеуге таласатыны туралы айтты. Қазіргі уақытта отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. WBO рейтингінде екінші орынға жайғасып тұр.



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар