auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Виктор Демьяненко Жанат Жақияновтың не үшін IBO чемпиондық белбеуінен бас тартқанын түсіндіріп берді

Отандасымыз бұл тұжырымнан қаржылық себептерге байланысты бас тартыпты.

Виктор Демьяненко Жанат Жақияновтың не үшін IBO чемпиондық белбеуінен бас тартқанын түсіндіріп берді
©Hattonboxing.com
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қандай себептерге байланысты IBO тұжырымының чемпиондық атағынан айырылғанын айтып берді. Оның айтуынша, боксшы тек WBA тұжырымының чемпиондық белбеуін қорғауға ерекше назар аударып отыр. 

- Жанат Жақиянов бұған дейін де EBU (Еуропа бокс одағы) тұжырымының чемпиондық атағынан бас тартқан болатын. Ол кезде оның менеджері Филлип Фондю қазақстандық боксшыға бұл атақтың маңызы жоқ екенін айтты. Жанатқа WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін өтетін жекпе-жек ұйымдастыру еді. Менің ойымша да қазір оған IBO-ның чемпиондық белбеуі қажет емес деп ойлаймын. 

- Бұл Жанат үшін қазір қаржылық жағынын дұрыс шешім бе?

- Әрине. Бұл Жанат үшін дұрыс шешім. Өйткені, IBO чемпиондық белбеуінің иегері атану - артық шығын. Олар бұл үшін артық ақша шығындамай, белбеуді босата салуды жөн санады. IBO белбеуінен бас тартып, енді ол тек WBA чемпиондық белбеуін қорғауға ерекше назар аударып отыр. Өкінетін ештеме болмады. Тек боксшы мен менеджер осындай жолды таңдап отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Жанат Жақияновтың IBO тұжырымының чемпиондық атағынан айырылып қалғаны туралы белгілі болды. Қазір қазақстандық боксшының еншісінде тек WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі ғана қалды. 

Еске салайық, бұл чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізіп, 12 раундың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіп алған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар