Василий Ломаченконың келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
Top Rank промоутерлік компаниясы үш салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Ломаченконың келесі кездесуі қашан өтетінін айтты, деп жазады Luckypunch.net порталы.
Top Rank промоутерлік компаниясы үш салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Ломаченконың келесі кездесуі қашан өтетінін айтты, деп жазады Luckypunch.net порталы.
Компанияның вице-президенті Карл Мореттидің айтуынша, украиналық боксшы шаршы алаңға 22 қазан күні оралады. Ломаченконың қарсыласы әзірге белгісіз. Сонымен қатар, айқастың қайда өтетіні де анық емес.
"Компания Ломаченконың Украинадан шыққаны туралы хабарды алса, оның қарсыласы мен кездесудің өтетін жері белгілі болады", - деп жазады дереккөз.
Еске салайық, осыған дейін Ломаченко Украинадағы жағдайға байланысты Джордж Камбососпен кездесу өткізуден бас тартқан еді. Ол елінде қалып, туған қаласының аумақтық қорғаныс әсеріне қосылған еді.
Жарнама