Үш салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, украиналық боксшы Василий Ломаченко карьерасын қайта бастау үшін промоутерлеріне хабарласыпты. Бұл туралы журналист Кевин Иоле хабарлады.
"Top Rank президенті Тодд Дюбофудың ақпараты бойынша, Василий Ломаченко промоутерлік компанияға хабарласып, қазан айында жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Қазіргі уақытта оның қарсыласы кім болатыны белгісіз", - деп жазды журналист.
Еске салайық, Ломаченко осыған дейін аустралиялық Джордж Камбососпен әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін кездесуден бас тартты. Ол Украинаға келіп, елінде болатынын айтты. Ал 5 маусым күні Камбосос америкалық Дэвин Хэйнимен кездесіп, жеңіліп қалды.