auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Василий Ломаченко "Канеломен" өткен кездесуде Головкинді сылбыр қимылдады деп сынға алды

Василий Ломаченко "Канеломен" өткен кездесуде Головкинді сылбыр қимылдады деп сынға алды
©Mikey Williams/ worldboxingnews.net
Екінші жеңіл салмақта WBO белбеуінің иегері украиналық Василий Ломаченко (9-1, 7 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) мекскикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткен кездесуде қазақстандық боксшының өнеріне көңілі толмағанын айтты. 

"Шынынды мықты әрі қызықты кездесу болды. Маған бұл кездесуде "Канелоның" шаршы алаңда қалай қимылдағаны және қорғанысы ұнады. Бірақ оның соққылары шамалы аздау болды. Дегенмен де ол жеңілді деп ойлаймын, Головкин жеңді. Алайда маған Головкиннің шаршы алаңдағы қимылдары ұнамады. Мен мұны жанкүйер ретінде мес, бокс түсінетін, бокспен шұғылданатын адам ретінде айтып отырмын. Мен тактика мен боксшылардың барлық қырларын көрсете алғаны туралы айтып жатырмын. Головкин бұл кездесуде барлық мықты қырларын көрсеткен жоқ. Алайда жеңімпаздарды сынамайтыны белгілі. Ол "Канелоны" жеңді. Енді екінші кездесуді асыға күтіп жүрмін", - дейді Ломаченко EsNews порталына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша отандасымыз WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалды. Бұл боксшылар арасындағы екінші кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін. Қазір екі боксшының командалары келіссөз жүргізіп жатыр. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама