auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Василий Ломаченко жыл соңына дейін шаршы алаңға шықпайды

Василий Ломаченко жыл соңына дейін шаршы алаңға шықпайды
Жеңіл салмақтағы WBA чемпионы украиналық Василий Ломаченко АҚШ иығына ота жасатты. Енді ол шаршы алаңға осы жылдың соңында ғана орала алады, — деп хабарлайды Diamond Ring сайты..

«Арбаға таңылды» деп асыра сілтеп жібердік, әйтпесе ота сәтті өтті. Боксшы әйгілі хирург Нейл Эль Альтраченің жеке клиникасында емделді. Ал бұл хирург кезінде Мэнни Пакьяо, Виталий Кличко, Андре Берто сынды боксшыларды аяқтарынан тік тұрғызған. Сондай-ақ, әйгілі баскетболшы Коби Брайант та осы дәрігердің клиенті болған.

Василий Ломаченко жарақатты 12 мамыр күні венесуэлалық Хорхе Линареске қарсы жекпе-жектің екінші раундында алып қалыпты. «Иығымның орнынан қозғалып кетіп, қайта қалпына түскенін сездім. Содан оң қолмен жұдырық сермеу қиын болды», – дейді бұл туралы Ломаченконың өзі.

Эль Алтраченің сөзіне сенсек, Ломаченкоға енді төрт айдай шаршы алаңға шығуға болмайды. Ал жаттығуын қазан айында ғана бастай алады. Осыған байланысты украиналық 25 тамызға жоспарланған келесі жекпе-жегі 8 желтоқсанға шегеріліп отыр. Боксшының промоутері Боб Арумның айтуынша, Ломаченконың келесі қарсыласы WBO чемпионы Рэй Белтран болуы тиіс.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама