Профи-бокс
23 ақпан 2018 15:48
 
Василий Ломаченко ережесіз жекпе-жекте бағын сынауы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Василий Ломаченко ережесіз жекпе-жекте бағын сынауы мүмкін

WBO  тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Василий Ломаченко ережесіз жекпе-жекке ауысуы мүмкін, – деп хабарлайды  Sports.ru порталы.

Украиналық боксшы UFC тұжырымының чемпионы Ти Джей Диллашоумен спарринг өткізгеннен кейін, ережесіз жекпе-жекке деген көзқарасын білдірген. Ол өз сөзінде: «Ти Джеймен 4 минуттан 4 раундтық спарринг өткіздік. Ол қанша қиналса да, барлық раундтқа төтеп берді. Ал, Конор МакГрегормен тегін жұдырықтасуға дайынмын. Бокс пен ММА екі түрлі спорт. Алайда, бокстағы мансабымды аяқтаған соң, UFC-де бағымды сынап көруім ғажап емес», – дейді Ломаченко.

Айта кетейік, Василий Ломаченко соңғы жекпе-жегін Гильермо Ригондаға қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын.

Жарнама

Живи спортом!