"Үздік ондық". Головкиннің "Канеломен" айқас алдында ең мықты боксшылар рейтингіндегі орны айтылды

©Reuters

BoxRec порталы әлемдегі ең үздік боксшылардың P4P рейтингін жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жаңартылған тізімнің көшбасында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жайғасқан. Ал қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) болса сегізінші сатыда тұр. 

BoxRec ұсынған Р4Р рейтингі: 

1. Сауль "Канело" Альварес (Мексика)
2. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
3. Дмитрий Бивол (Ресей)
4. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)
5. Александр Усик (Украина)
6. Эррол Спенс-младший (АҚШ)
7. Наоя Иноуэ (Жапония)
8. Геннадий Головкин (Қазақстан)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы  T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар