Усиктің қазақстандық спарринг қарсыласы Алматыда жекпе-жек өткізеді

©instagram.com/nursultan_night_train_amanzhol

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов (4-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 2 қазан күні Алматыда өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аманжолов аса ауыр салмақта WBA, WBO, IBF белбеуерінің иегері Александр Усиктің тұрақты спарринг қарсыласы. Украиналық боксшы Энтони Джошуаға қарсы өткізген екінші кездесуінің алдында біздің отандасымызбен бірге дайындалды.

Нұрсұлтан соңғы кездесуін 31 тамыз күні Дубай (БАӘ) қаласында өткізіп, угандалық Шапи Мушотты жеңді. 

Ал алдағы айқаста оның қарсыласы кім болатыны енді анықталады. 

Еске салайық, 2 қазан күні Алматыда америкалық Boxing Stars Management промоутерлік компаниясы бокс кешін ұйымдастырады. Бұл кеште Дәурен Елеусінов, Ангелина Лукас, Магомдрасул Меджидов және танымал актер Еркебұлан Тоқтар өнер көрсетеді. 

Бокс кешінің басты айқасында жеңілмеген америкалық Джермалл Миллер шаршы алаңға шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар