Усик пен Джошуа қарымтасының өтетін уақыты шегерілді

©Reuters

Аса ауыр салмақта WBA,WBO және IBF белбеулерінің иегері украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы екінші кездесу бұған дейін хабарланғандай 23 шілдеде өтпейді. Кездесу тамыз айының ортасына дейін шегерілді. Бұл туралы The Telegraph хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл кездесуде телерансляцияны ұйымдастырушылардың келісімге келе алмағанына байланысты шегерілген. Ұлыбритания жерінде жекпе-жекті Sky арнасы, ал әлемге DAZN тікелей тарату керек. Енді алдағы 2-3 үш аптада бұл мәселе шешіліп, ресми хабарланады. 

Жекпе-жек БАӘ-де өтуі мүмкін. Джошуа бұл кездесуге жаңа бапкері Роберт Гарсиямен бірге дайындалады. Бапкер жуырда АҚШ-тан арнайы ұшып келеді. Сонымен қатар, Энтонидің дайындығының жатысы Гарсияның туған қаласы Калифорния штатындағы Риверсайдта өтуі мүмкін деген ақпарат бар. Ал Усиктің алдағы айқасқа қайда дайындалатыны әлі белгісіз. 

Еске салайық, Усик пен Джошуа өткен жылдың қыркүйек айында бірінші рет кездесіп, украиналық боксшы төртешілердің шешімі бойынша жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар