Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері Тайсон Фьюри (31-0-1, 22 КО) өз отандасы Джо Джойсты (13-0, 12 КО) ең қауіпті қарсылас екенін айтты, деп жазады Vringe.com порталы.
Бұл туралы екі боксшының промоутері Фрэнк Уоррен мәлімдеді.
"Біз Тайсонмен Джо туралы сөйлестік. Тайсон оны аса ауыр салмақтағы ең қауіпті боксшы екенін айтты.
Джо өте мықты боксшы. Үнемі алға жүріп отырады. Ол осы уақытқа дейін кез-келген қарсыласына қиындық туғызған", - деді Уоррен.
Еске салайық, Джо әуесқойлар арасында 2016 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Қазіргі уақытта ол аса ауыр салмақта WBO белбеуінің басты үміткері.
Жыл басында Джойс украин боксшысы Александр Усикпен кездеседі деген ақпарат шыққан еді. Алайда, Усик бұл айқастан бас тартып, Энтони Джоумен жұдырықтасу туралы ұсынысты қабыл алды.