Үшінші кездесуде Головкинді майып қылуым мүмкін - "Канело"

Сурет: fansided.com

Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті,- деп жазады RingTV. 

"Маған ешкімге ешнәрсе дәлелдеуім керек емес. Мен оны екі рет жеңіп, өз жұмысымды атқардым. Қазір мен 168 фунтта қала бергім келеді. Егер GGG осы салмаққа көтерілгісі келсе, онда не боларын көрейік. Менің қазіргі мақсатым осы салмақта абсолютті чемпион болу. 

Өзімді осы салмақта жақсы сезінемін. Біз GGG-мен үшінші рет кездесетін болсақ, мен оны нокаутқа түсіріп, тіпті майым қылуым мүмкін", - деді Альварес. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасында кездесу 2017 жылдың қыркүйегінде өткізіп, тең аяқталған болатын. Ал 2018 жылдың қыркүйегінде өткен екінші кездесуге "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Желтоқсан айының ортасында екі боксшы да жекпе-жек өткізді. Головкин Камил Шереметаны жеңіп, 21 рет белбеулерін қорғап алды. Ал Сауль Альварес британдық Каллум Смитті төрешілерің шешімі бойынша жеңді. 


 

Метки:
Жаңалықтар