Не үшін Головкин 2016 жылдың орта салмақтағы ең үздік боксшысы?
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) Bad Left Hook порталының нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2016 жылдың үздік боксшысы атанды.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) Bad Left Hook порталының нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2016 жылдың үздік боксшысы атанды.
«Бұл жерде таласудың еш қажеті жоқ. «Канело» Альварес GGG-мен кездесуден қашып, орта салмақтан ауысып, WBC тұжырымының чемпиондық атағынан айырылып қалғаннан кейін ешкімде бұл атаққа ие болатын нақты бір себеп болмады. Головкин WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол жыл бойы қарсыластарын қоғадай жапырды. Осы уақытқа дейін Головкин орта салмақтағы үздік ондыққа кіретін үш боксшыдан үстем түсті. Ал, келесі кездесуінде рейтингте екінші тұрған боксшымен кездеседі» - делінген басылым жариялаған мақалада.
Bad Left Hook нұсқасы бойынша 2016 жылдың орта салмақтағы ең үздік он боксшылары:
1. Геннадий Головкин (36-0, 33 КО).
2. Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 KO).
3. Давид Лемье (36-3, 32 KO).
4. Билли Джо Сондерс (24-0, 12 KO).
5. Кіші - Крис Юбэнк (23-1, 18 KO).
6. Сергей Деревянченко (9-0, 7 KO).
7. Вилли Монро-младший (21-2, 6 KO).
8. Хассан Н’Дам Н’Жикам (35-2, 21 KO).
9. Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 KO).
10. Кертис Стивенс (29-5, 21 KO).
Бұған дейін El Paso Times басылымы да 2016 жылды қорытындылап, Головкин сегіз номинация бойынша үздік атанған болатын. Одан бөлек, қазақстандық боксшы Boxing News and Views порталының нұсқасы бойынша қатарынан екінші рет «Жыл боксшысы» атағын жеңіп алды. Ал, Boxing News порталы болса Головкинге ең үздік шет елдік боксшы атағын берді.
Жарнама