Профи-бокс
9 қазан 2017 17:01
 
Уордың бапкері "Канелоға" Головкинді қалай жеңу керек екендігін түсіндіріп берді

  Пікірлер

blog.share

Уордың бапкері "Канелоға" Головкинді қалай жеңу керек екендігін түсіндіріп берді ©boxingscene.com

Америкалық боксшы Андре Уордтың бұрынғы бас бапкері Вирджил Хантер мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) қалай жеңу керектігін айтып берді. 

Оның айтуынша, "Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесуде азырақ қимылдап, жақын арада жұдырықтасып, төрешілерге және жанкүйерлерге рингте "кімнің қожайын" екенін көрсету керек екен. 

"Канело" Головкинді жеңу үшін, басқаша жұдырықтасу керек. Альварес келесі кездесуде де тура бірінші жекпе-жектегідей жұдырықтасса, тағы жеңіске жете алмайды. Мен оның техникасын осал деп тұрғаным жоқ. Екінші кездесуде ол жеңіске жеткісі келсе, барлық раунда Головкиннен мықты болуы керек. Артқа қарай шегіне беруді тоқтатып, жақын қашықтықта жұдырықтасуы керек. Көп соққы жұмсаса, төрешілер жеңісті "Канелоға" беретініне сенімдімін", - дейді Хантер The Ropes Boxing Radio радиосының эфирінде. 

Хантердің болжамы бойынша, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуде екі боксшының жеңіске жету мүмкіндігін 50/50 деп бағалар едім. Бапкер екі боксшы да бірінші жекпе-жектен жақсы қорытынды шығарып, екінші жекпе-жекті одан да қызықты етеді дейді. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді. Енді екінші кещлесу 2018 жылдың мамырында өтуі ықтимал. Қазір екі боксшының командалары келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Жарнама

Живи спортом!