Орта салмақта өнер көрсететін ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенк (32-2, 23 КО) осы салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) тағы да жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vringe.com порталы.
32 жастағы Юбенк соңғы бес кездесуін жеңіспен аяқтады. Кеше Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) жеңіліп қалғаннан кейін, "Канело" мен GGG арасындағы үшінші кездесу тағы да кейінге қалатын секілді.
Ұлыбританиялық боксшы осыны пайдалып, 40 жастағы Головкинді жекпе-жекке шақырды.
"Сонымен GGG, "Канелоның" жеңілісінен кейін саған басқа қарсылас керек секілді ғой. Сұлуым, жазда жекпе-жек ұйымдастырайық", - деп жазды Крис Twitter парақшасында.