"Үлкен сабақ болады". BoxingScene сарапшысы Құлахметтің келесі қарсыласы туралы ойымен бөлісті
BoxingScene сайтының редакторы Эллиот Фостер Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахметпен (4-0, 3 КО) доминиканалық Хуан Карлос Абреудің (23-6-1, 21 КО) алдағы кездесудегі мүмкіндігі туралы айтып берді.

"Құлахметті ертерек өз салмағының мықтылары қатарына қосқысы келетін секілді. Себебі, әр жекпе-жек сайын оның қарсыластарының деңгейі де қатты өсуде. Өткен кездесуде ол тәжірибелі украиналық Схороходпен кездесу керек еді. Өкінішке қарай, бұл кездесу өтпей қалды. Енді оның қарсыласы орта деңгейдегі, қара күші көп боксшыны таңдапты.
Абреу Құлахметке қарағанда кәсіпқой бокста алты есе көп жекпе-жек өткізген. Доминиканалық боксшы қазір үлкен кездесулерге үміткер емес. Дегенмен ол қарсыластарына қиындық туғыза алады. Бұл Құлахмет үшін жақсы тәжірибе болады. Алдағы сынақтан қазақ боксшының қалай өтетінін көрейік", - деді Фостер.
Айта кетейік, бұл боксшылар 29 қазан күні Лондондағы (Англия) бокс кешінде жолығады. Қазақстандық боксшы WBC International белбеуін қорғайды.
Еске салайық, Құлахмет соңғы кездесуін 10 шілде күні Алматы қаласында өткізіп, ресейлік Алексей Евченконы (19-15, 8 КО) оныншы раундта нокаутпен жеңді.
Жарнама