Аса ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Фрэнсис Нганну кәсіпқой боксқа ауысқысы келетінін айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы.
"Мен түбінде кәсіпқой бокста жұдырықтасамын. Егер мен UFC-де қалатын болсам да, боксты қатар алып жүретін боламын. Келесі жолы келісімшарт жасаған сәтте онда міндетті түрде боксты да қосамын. Өйткені мен шынымен кәсіпқой бокста бағымды сынағым келеді", - деді Нганну.
Айта кетейік, Нганну соңғы кездесуін 2021 жылдың наурыз айында өткізіп, Стипе Миочичті жеңді. Содан бері Фрэнсис әлі өнер көрсетпеді.
Осындай ұзақ үзіліске байланысты UFC уақытша чемпиондық айқас та ұйымдастырды. Онда Сириль Ган мен Деррек Льюис кездесіп, Ган міндетті қарсылас атанды.
Енді Нганну мен Ган арасындағы айқас 2022 жылдың 22 қаңтарында өтеді.