Уcик пен Джшуа арасындағы екінші кездесудің өтетін нақты күні анықталды

©Reuters

Аса ауыр салмақтағы WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуа арасындағы екінші айқастың нақты қашан өтетіні анықталды. Бұл туралы Daily Mail жазды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша жекпе-жек 25 маусым күні Сауд Арабиясында болады. 

Еске салайық, Усик пен Джошуа кездесуі The Ring журналының нұсқасы бойынша 2021 жылдың ең үздік айқасы болған еді. 

Бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу 12 раунд болды. Оның қорытындысы бойынша украиналық 116-112, 117-114, 115-113 есебімен жеңіске жетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар