Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-0, 3 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Құлахметтің келесі кездесуі биыл қазан айында өтуі мүмкін. Бұл туралы біздің тілшіге дереккөз айтты. Айқастың өтетін жері әзірге белгісіз.
Отандасымыз соңғы кездесуін 10 шілде күні Алматы қаласында өткізіп, оныншы раунда ресейлік Алейсей Евченконы (19-15, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Аталған кездесуде Құлахмет WBC International белбеуін қорғап қалды.
Ал алдағы ойында қазақстандық боксшының қарсыласы украиналық Станислав Скороход (20-2, 17 КО) болуы мүмкін. Еске салайық, бұл боксшылар шілде айында кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде Скороход жарақат алып қалды.