Тұрсынбай Құлахметтің келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

Сурет: instagram.com/kulakhmet_tursynbay

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Тұрсынбай Құлахамет (3-0, 2 KO) келесі кездесуіне дайындығын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Әуесқой бокста Азия чемпионаты және 2019 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері бұл күнде Ливерпуль (Англия) қаласында дайындықтарын өткізіп жатыр. Ол келесі кездесуін жаздың ортасында өткізуі мүмкін. 

Айта кетейік, Құлахмет кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін сәуір айында өткізеді. Дубай (БАӘ) қаласында өткен бокс кешінде ол 70 секундте Венесуэла елінің боксшысы Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) жеңіп, WBC International белбеуін қорғап қалды. Бұл жеңісі үшін ол 210 мың доллар сыйақы алып, BoxRec рейтингінде 187 орыннан 139 орынға көтерілді. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар