Украиналық боксшы Станислав Скороход (20-2, 17 КО) орта салмақтағы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметпен кездесу өткізгісі келеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтты.
Бұл екі боксшы негізі 10 шілдеде Алматыда жұдырықтасуы керек еді. Бірақ Скороход жарақат алып қалды. Оның орнына ресейлік Алексей Евченко (19-15, 8 КО) шығып, жеңіліп қалды.
Кездесуден кейін Құлахмет бұдан былай мықты деңгейлі қарсыласпен шығатынын мәлімдеді. Енді қарсыласы украиналық боксшы болуы әбден мүмкін.