Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегінде WBC белбеуі үшін жұдырықтасады

Тұрсынбай Құлахмет. Сурет: ҚБФ
Әуесқой бокста Азия чемпионы, 2019 жылы әлем біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Құлахмет кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін 11 қараша күні Сити-оф-Уэйкфилд (Англия) қаласында өткізеді. Оның қарсыласы 25 жастағы британиялық боксшы Маколей Макгован (14-0-1, 3 КО) болады. 



Бұл кездесуде Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі сарапқа салынады. 

Айта кетейік, аталған бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек те шаршы алаңға шығады. Ол да жергілікті боксшы - Джефф Офориге қарсы айқас өткізеді. 

Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет биыл ғана кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін тамыз айында Сағадат Рахманқұлға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңген еді. 




Метки:
Жаңалықтар