Профи-бокс
16 ақпан 2021 15:08
 
Тұрсынбай Құлахмет Головкиннің қарсыласын жаттықтырған бапкермен жұмыс істей бастады

  Пікірлер

blog.share

Тұрсынбай Құлахмет Головкиннің қарсыласын жаттықтырған бапкермен жұмыс істей бастады Сурет: boxingscene.com

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет британдық боксшы Джейми Мурмен жұмыс істей бастады,- деп хабарлайды Boxingscene.com порталы. 

Құлахмет жуырда Манчестер (Англия) қаласына келіп, келесі кездесуіне дайындығын бастады. Оның алдағы кездесу қашан өтетіні жуырда белгілі болады. 

Джейми Мур Ұлыбританиядағы ең мықты бапкелердің бірі. Ол Карл Фрэмптон, Джек Каттералл, Рокки Филдинг, Стивен Уорд және басқа атақты боксшылармен жұмыс істеген. Сонымен қатар ол Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мартин Мюррейді де жаттықтырған.

Құлахмет болса соңғы рет шаршы алаңға 11-қараша күні Англияда шығып, төрешілердің шешімі бойынша Маколей Макгоуэнді (14-2-1, 3 KO) жеңді. Бұл кездесуде ол бірінші орта салмақта WBC International жеңіп алды. 

Айта кетейік, бұл Құлахметтің кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі болатын. Ол бірінші кездесуін Алматы қаласында өткізіп, Сағадат Рақманқұлдан үстем түсті. 

Тұрсынбай әуесқой бокста да табысты өнер көрсетті. Тарқатып айтсақ, ол 2019 жылы Азия чемпионы атанып, дәл сол жылы әлем біріншілігінің қола жүлдесін ұтып алған. 
 
Жарнама

Живи спортом!