Тұрсынбай Құлахмет чемпиондық белбеуін доминикандық боксшыға қарсы қорғайтын болды
MTK Global промоутерлік компаниясы бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-0, 3 КО) келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
MTK Global промоутерлік компаниясы бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-0, 3 КО) келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз шаршы алаңға 29 қазан күні Лондондағы (Англия) бокс кешінде оралады. Оның қарсыласы Доминикан Республикасының боксшысы Хуан Карлос Абреу (23-6-1, 21 КО) болады. Аталған кездесуде Құлахмет WBC International белбеуін қорғайды.
#MTKFIGHTNIGHT IS BACK ❗
— MTK Global Boxing (@MTKGlobal) September 30, 2021
? @archiesharp95 ? Alexis Kabore
? @tursynbay_k ? Juan Abreu
⭐ @ShabazMasoud ? James Beech
⭐ @reynoldsboxing ? Randal Barlow
⭐ @pierce_oleary10
⭐ @SamGilleyBoxing
⭐ @Future1317
⭐ Joe Giles
⭐ Lerone Harrison
⭐ Sugar Shy
Oct 29 | York Hall pic.twitter.com/MVyKmAiTv7
Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет - әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы. Сонымен қатар, ол 2019 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Соңғы рет қазақстандық боксшы шаршы алаңға 10 шілде күні Алматы қаласында шығып, ресейлік Алейсей Евченконы (19-15, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Жарнама