Профи-бокс
19 қыркүйек 2022 18:30

Трилогияны ұйымдастырушы Головкин болашағына қатысты ақпаратпен бөлісті

©Tengrinews.kz, Турар Казангапов

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) пен орта салмақта екі белбеудің иегері Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)  арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастырған ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн қазақстандық боксшының болашағы туралы айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

- Қазіргі уақытта Головкиннің жасы туралы көп айтылуда. Сонымен қатар, екінші кездесу мен үшінші кездесудің арасы төрт жылдан кейін болғанын. Головкиннің қартайып қалғанын сіз де байқадыңыз ба?

- Дәл қазір ол 4-5 жылғы бұрынғы боксшы емес. Бірақ мұндай жасқа келген тек санаулы боксшылар ғана осы деңгейді ұстап қала алады. Головкин жекпе-жектің соңында керемет жұдырықтасты. Тек айқастың бірінші жартысында "Канелоның" қимыл-қозғалысы мықты болды. Сондықтан бірінші бөлігінде Головкин жеңді деп айта алмаймын. Ал жекпе-жектің екінші жартысында ол қарқын қосты. Дегенмен ол кезде тым кеш болды. Иә, әрине GGG карьерасының шыңында емес. Десек те Альварестің мықты екенін ұмытпайық. Оның қозғалысы расында мықты. Лайықты жеңіске жетті. 

- Головкин әлі орта салмақта чемпион ба?

- Әлбетте. 

- Головкиннен не күтесіз? 

- Білмеймін. Сіз де, басқа адамдар да Головкиннің карьерасы аяқталып келе жатқанын айтуда. Ары қарай не боларын тек оның өзі шешеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport