Профи-бокс
30 маусым 2021 17:24

Төрт жылдан кейін боксқа қайта оралған отандасымыздың келесі қарсыласы анықталды

Сурет: Diamond Ring©

Төрт жылдан кейін кәсіпқой боксқа қайта оралған Бекман Сойлыбаевтың (12-0, 4 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Отандасымыздың келесі қарсыласы 21 жастағы мексикалық Рамиро Цесена (13-0-1, 11 КО) болады. Ол соңғы 11 жекпе-жегінде қатарынан жеңіске жеткен. 

Жекпе-жек 10 шілде күні Дубайда (БАӘ) өтеді. Айқас он раундқа жоспарланған. 

Еске салайық, 30 жастағы Сойлыбаев 2017 жылдың қазан айынан бері жекпе-жек өткізбеді. Ол екінші жеңіл салмақтағы WBC International  белбеуінің иегері болған.