Бокс төрешісі Стивен Бли ашық хат жазып, онда екінші жеңіл салмақта WBC белбеуін үшін өткен Оскар Вальдес (30-0, 23 КО) пен Робсон Консейсао (16-1, 8 КО) арасындағы кездесуде қателескенін мойындап, кешірім сұрады.
Бұл кездесуде Колорадо қаласының төрешісі Бли 117-110 есебімен жеңісті Вальдеске берген еді. Осыдан кейін жанкүйерлер төрешінің "сатылғанын" айтып айыптады. Ал қалған екі төреші 115-112 және 115-112 есебімен жеңісті мексикалыққа берген. Осылайша Вальдес белбеуін қорғап қалды.
Айқастан кейін төрешінің өзі жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрады.
"Менің атым Стивен Бли. Бұл ашық хатты мен Вальдес пен Консейсао арасындағы кездесудегі жұмысымнан кейін жазып отырмын.
Мен бокс әлемінде 30 жылдан бері жүрмін. Әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да жұмыс істегенмін Жапония, Тайланд, Корея, Қытай, Ресей, Мексика және АҚШ секілді елдерде 60-тан астам чемпиондық кездесуде қазы болдым. 200 кездесуде бас төреші, ал 500-ден асқан жекпе-жекте ринг жанында қазылық жасадым.
Кездесуде қайталап көріп, сараптап шықтым. 117-110 есебі дұрыс қойылмады. Мен NABF, WBC және спортшылардың сенімінен шыға алмадым.
Сондықтан да мен көпшіліктің алдында бұл кездесуде өз қорытындымды айтып, маңызды деген бөлігін атап өткім келеді.
Маңызды раундтар
Аталған айқаста тең өткен бірнеше раунд болды. Ал мен екі қателік жібердім.
1) тең өткен кездесулерде 10-10 есебін қоймадым.
2) бұл раундтарда мен жеңісті чемпионға бердім.
Көпшіліктің әсері
Жекпе-жек барысында Вальдестің қолдаушылары көп болды. Бірінші раундта айқас маған алыс бұрышта өтті. Сол үшінде Консейсаоның кейбір соққыларын көрмей қалдым. Бұл кезде жанкүйерлердің де у-шуы аз болды.
Сонымен қатар, фотографтар өте көп болды. Олардың жұмысының кесірінен біраз соққыларды көрмедім.
Дегенмен бұл жағдайға қарамастан мен өзімнің жұмысымды 100 пайыз жақсы орындап шығамын деп ойладым.
Мен назарымды тек Вальдеске ғана аударыппын. Сосын оған алғашқы төрт раундтың үшеуінде жеңісті бердім.
Кейін мен кездесуді қайта көрдім. Қайта есептегенде 115-112 немесе 114-113 есебі шықты. Вальдестің пайдасына.
Енді мен NABF/WBC ұйымының ресми өкілдеріне хабарласып, ұпай есептеу жүйесінен сабақ алғым келетінін айттым. Осы сабағымды бітіргенше ешқандай чемпиондық кездесуде төреші болмаймын.
Менің де ұятым бар. Оқығанмын. Боксқа үлкен құрметпен қараймын. Бұл бокс кешінде қателік жібергенім үшін кешірім сұраймын", - деп келтіреді төрешінің сөзін vRINGE.COM порталы.