Титулды жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген Әлімханұлы әлемдік рейтингіде жоғарлады

© instagram.com/janibek_alimkhanuly/
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін әлемдік рейтингіде 11 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездескен. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірген.

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 66-орыннан 55-ке жоғарылады.

Осылайша, Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуі - нокаутпен. Онолуносе болса, 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілді.
Жаңалықтар