auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тедди Атлас Пакьяо мен Хорн жекпе-жегінің төрешісі сатылған деп айыптады

Тедди Атлас Пакьяо мен Хорн жекпе-жегінің төрешісі сатылған деп айыптады
©boxingscene.com
Танымал америкалық бапкер мен бокс маманы Тедди Атлас Джеф Хорн мен Мэнни Пакьяо арасындағы кездесуде 117-111 есебін тіркеген төрешінің параға қатысы бар екенін айтты. Бұл туралы Tofight.ru порталы хабарлайды. 

Еске салайық, 2 шілде күні Брисбенде өткен кездесуде австралиялық боксшы төрешілердің 117-111, 115-113, 115-113 есебімен жеңіске жеткен еді. Бірақ бұл кездесуден кейін бокс мамандарының көпшілігі бұл шешімнің әділетсіз болғанын айтып жатыр. Солардың бірі Тедди Атлас. Ол төрешілердің бірі сатылған деп есептейді. 

"Бұл жерде төрешілердің біліксіздігі орын алды немесе төрешілердің бірінің параға қатысы бар. Кешірім сұраймын, бірақ егер сіз спортта жұмыс істейтін болсаңыз, бұл жерде өтірік айту қиын. Кімнің қисық, кімнің дәл ұрғанын, кімнің нокаутқа түсіп қалуына шақ қалғанын өздеріңіздер де көрдіңіздер. Менің ойымша, бұл жерде параның қатысы бар. Оған еш күмәнім жоқ. Мен боксты қатты жақсы көремін. Алайда бұл нәтиже мен үшін өте өкінішті. Бұл әлемдегі ең мықты спорттың түрі. Екі боксшы жанкүйерлер үшін керемет жекпе-жек өткізді. Кездесуді тіпті тегін көрсетті. Дегенмен төрешілердің шешімі барлығын құртып тастады", - дейді Атлас. 

Бұл кездесуден кейін Пакьяо 2016 жылдың қараша айында жеңіп алған жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. 38 жастағы боксшы үшін бұл карьерасындағы жетінші жеңіліс еді. Ал жалпы ол кәсіпқой бокста 59 жеңіске жетсе (38 нокаут), екі кездесуінде қарсыласымен тең түскен. 29 жастағы Хорн осы уақытқа дейін 17 кездесуде жеңіске жетсе (11 нокаут), бір рет тең түскен. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама