Тайсонның бапкері Головкинді жеңе алатын екі боксшыны атады
Майк Тайсон мен Эвандер Холифилдтің бапкері әрі америкалық маман Ронни Шилдс WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңе алатын екі боксшының есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Майк Тайсон мен Эвандер Холифилдтің бапкері әрі америкалық маман Ронни Шилдс WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңе алатын екі боксшының есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымызды жеңуі мүмкін деген екі боксшы бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Олар - WBA/IBO нұсқалары бойынша әлемнің экс-чемпионы кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14 КО) мен IBF белбеуінің иесі америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО). Бұл екі боксшы да осыған дейін 2017 жылы орта салмаққа көшу туралы талқылаған болатын. Сондай-ақ, Эрисланди Лара мен Джермалл Чарло Головкинмен кездескісі келетіндерін айтқан.
"Меніңше, екеуінің де жеңіске жетуге мүмкіндігі зор. Лара қашықтықта жұдырықтасу арқылы Головкинге қиындықтар туғызуы мүмкін. Ал, Чарло күшті джебімен және күшімен Головкинді жеңе алады. Олардың жұдырықтасу мәнері әртүрлі, бірақ, жеңіске жетуге мүмкіндігі бар", - дейді бапкер.
"Головкин - ұлы боксшы, Оның атағын ешкім де тартып ала алмайды. Бірақ, Лара жекпе-жектердегі мүмкіндіктерін мықты боксшылармен тексеретін жігіттердің бірі. Лара Головкиннің 160 фунтта жұдырықтасатын мықты боксшы екенін біледі, сондықтан ол Головкинмен жұдырықтасқысы келіп отыр", - деді Ронни Шилдс On The Ropes Boxing Radio басылымына берген сұхбатында.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/taysonnyin-bapker-golovkind-jene-alatyin-ek-boksshyinyi-276511/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
Жарнама