auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Тайсон мен Холифилд үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін

Тайсон мен Холифилд үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін
Аттары аңызға айналған кезіндегі кәсіпқой бокстың хас шеберлері – Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд биылғы жылдың жаз немесе күз айларында қайта жұдырықтасуы мүмкін.

Айтулы қос азаматтың екеуі де спорттық мансаптарын әлдеқашан аяқтаған. Соған қарамастан жанкүйерлер қос саңлақтың жекпе-жегін тағатсыздана күтуде. Әрине, оған таңдануға болмайды. Себебі, олар өз дәуірінің теңдессіз тұлғалары еді.

Мәселен, 54 жастағы Майк Тайсонның есімі аса ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы ретінде тарихта қалды. Бұл атаққа ол небары 20 жасында қол жеткізді. 1985-2005 жылдар аралығында АҚШ-тың алыбы 58 кездесу өткізіп, 50 рет жеңіске жетті. 44 қарсыласын есінен тандырды. Алты рет ұтылып, тағы екі бәсекенің нәтижесі есепке алынбады.

Ал 58 жастағы Эвандер Холифилд 1984-2011 жылдар аралығында атой салды. 57 рет рингке көтерілген ол 44 мәрте үстемдік танытты. 29 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. 10 мәрте ұтылып, екі рет тең түсті. Тағы бір бәсекенің нәтижесі тіркелген жоқ.

Айтулы қос мықтының жолы 1996 және 1997 жылдары екі мәрте қиысты. Алғашқысында Холифилд айқын жеңіске қол жеткізсе, екіншісінде қарсыласының құлағын тістегені үшін Тайсон жарыстан шеттетілді. Егер үшінші мәрте жұдырықтасатын болса, онда олар 200 миллион фунт стерлинг көлемінде сыйақы алады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама