Профи-бокс
10 тамыз 2020 11:32
 
Тайсон мен Джонс арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді

  Пікірлер

blog.share

Тайсон мен Джонс арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді Сурет: proboxing-fans.com

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон мен бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонсқа қарсы кездесу кейінге шегерілді,- деп хабарлайды The Ring.

Дереккөздің мәлімдеуінше, әу баста 12 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жек 28 қарашаға ауыстырылыпты. Кездесудің өтетін жері өзгеріссіз. Ол Dignity Health Park (АҚШ, Калифорния штаты). Америкада бұл кездесуді Triller стримингтік сервисі PPV (ақылы көрсетілім) арқылы көрсетеді. 

Басылымның ақпараты бойынша, кездесуді кейінге шегеруді Тайсонның командасы талап етіпті. Мұның арқасында олар кездесудің табысы көбейе түсетініне сенімді екен. Джонстың командасы бұл ұсыныспен келіскен. 

Жалпы 54 жастағы Майк Тайсон кәсіпқой бокс шаршы алаңында 58 кездесу өткізіп, 50 кездесуде жеңіске жеткен. 44 жекпе-жекте ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. Алты рет жеңілген. Екі кездесуі есепке алынбаған.

Ал 51 жастағы Рой Джонс болса карьерасын 2018 жылы аяқтады. Ол әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы. 66 жеңісі бар. 47 рет қарсыластарын құлатқан. Тоғыз рет жеңілген.

Жарнама

Живи спортом!