Тайсон Фьюридің Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

Сурет: starsports.life

Аса ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері британдық боксшы Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) Қазақстанға келетін болды. Бұл туралы Vesti.kz порталына боксшыға жақын дереккөз айтты. 

Кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы биыл қазан айында келеді деп күтілуде. Бұл уақытта Алматы қаласында MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді. 

Қолда бар ақпарат бойынша, Фьюри MTK Fight Night турнирінің арнайы қонағы да болуы мүмкін. Сондай-ақ, баспасөз жиынын да өткізеді. 

Боксшының келуіне қатысты нақты ақпарат америкалық Деонтей Уайлдермен өтетін кездесуден кейін белгілі болады. 

Еске салайық, Уайлдер мен Фьюри арасындағы үшінші кездесу 24 шілдеге белгіленген. 

 

Метки:
Жаңалықтар