Профи-бокс
4 мамыр 2017 16:46
 
Тайсон Фьюри жаттығу жұмыстарына кірісті

  Пікірлер

blog.share

Тайсон Фьюри жаттығу жұмыстарына кірісті © inews.co.uk

Аса ауыр салмақтағы британдық боксшы Тайсон Фьюри жаттығуға қайта кірісті. 

Қазіргі уақыта ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Испанияның Марбелья қаласында, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондреспен бірге жаттығу өткізіп жатыр. 

"Фьюридің айтуы бойынша, ол қазірдің өзінде 18 фунт (8,16 келі) тастап үлгерген екен. Оның алдағы мақсаты WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, отандасы Энтони Джошуамен кездесу. 

"Ауа райы керемет. Салмағым да азайып жатыр. Мен қазірдің өзінде 18 фунт тастап үлгердім. Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Барлығы жақсы өтуде", - дейді Фьюри Instagram парақшасында жариялаған бейнеролигінде. 

Update video for the fans, All going great,

Соңғы рет Фьюри жекпе-жегін 2015 жылдың қарашасында Владимир Кличкоға қарсы өткізіп, күтпеген жерден украиналық боксшының барлық белбеуін тартып алған болатын. Содан кейін бұл боксшылар екі рет қарымта кездесу өткіземін деп жариялаған. Алайда бірінші рет Фьюри жарақат алып қалса, екінші рет британдық боксшы допингтен ұсталып қалды. 

Енді Фьюри шаршы алаңға шілде айында оралуды ойлап отыр. ол Сондрес пен грузиялық Автандил Хурцизде арасындағы бокс кешінде шаршы алаңға шығуы мүмкін. Бұл бокс кеші туралы толық мәлімет алдағы уақытта белгілі болады. 

Жарнама

Живи спортом!