Профи-бокс
17 маусым 2021 19:09

"Тәуекелге барудан қорықпайды". BoxingScene шолушысы Құлахметтің келесі жекпе-жегі туралы

Сурет: MTK Kazakhstan

Boxingscene.com редакторы Эллиот Фостер Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 KO) украиналық Станислав Скороходқа (20-2, 17 КО) қарсы өтетін кездесуі туралы пікір білдірді. 

Бұл кездесу 10 маусым күні Алматыда өтеді. Онда қазақстандық боксшы WBC International белбеуін қорғайды. 

"Құлахметтің командасы тәуекелге баруға қорықпайды. Әр кездесу сайын Тұрсынбайдың қарсыластары күшейіп келеді. Бұл жолы украиналық мықты боксшымен келісіпті. Ол карьерасында екі рет қана жеңілген. Оның өзі күмәнді жеңілістер. Қалған кездесулерінің барлығында айқын басымдықпен жеңген. Соққылары да ауыр. Ал Құлахметтің техникасы мен жылдамдығы жақсы. Егер Скороходты жеңсе, онда қазақ боксшы үшін мықты айқастарға жол ашылады", - деді Фостер. 

2019 жылы әуесқойлар арасында Азия чемпионы атанған Тұрсынбай кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін сәуір айында өткізді. Дубайда өткен жекпе-жек кешінде ол 70 секундта Хебер Рондонды (20-1, 13 KO) құлатып, WBC International белбеуін жеңіп алды. Сонымен қатар, ол 210 мың доллар сыйақы алып, BoxRec  рейтингінде 48 саты жоғары көтерілді. 

Ал Скороход болса кейінгі рет жекпе-жегін өткен жылдың шілдесінде өткізген. Киев қаласында өткен айқаста ол отандасы Владислав Танцюрді (2-8, 1 КО) жеңді.