Профи-бокс
10 қыркүйек 2022 15:39
 

"Тарихта қалатын айқас". Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Тарихта қалатын айқас". Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек жайлы ©twitter.com/GGGBoxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) болатын үшінші айқас бокс тарихында қалатынына сенімді, деп жазады Fightnews.info порталы.

blog.share

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) болатын үшінші айқас бокс тарихында қалатынына сенімді, деп жазады Fightnews.info порталы.

Бірақ отандасымыз бұл кездесуді Мэнни Пакьяо - Хуан Мануэль Маркес арасындағы трилогиямен салыстыру орынды емес екенін айтты. 

"Біздің бұған дейінгі екі кездесуіміз нашар болды дей алмаймын. Ол айқастар да қызық болды. Екі жекпе-жекте тарихта қалды. Үшінші кездесу де бокс тарихындағы ең қызықты жекпе-жектердің бірі болады деп ойлаймын. Жеңіске жетемін деген сенімдемін. Төрешілер кедергі келтірмейді деп үміттенемін. Төрешілер әділ болатын шығар. Көреміз. 

Мен "Канеломен" трилогияның Маркес - Пакьяо кездесуімен салыстырғым келмейді. Бұл айқастардың басты ұқсастығы - екеуі де қызыққа толы болды", - деді Головкин. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!