Профи-бокс
26 шілде 2017 12:36
 
Танымалдық мені өзгерткен жоқ. Рингтен тыс қарапайым жігітпін - Геннадий Головкин

  Пікірлер

blog.share

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзін әлем үздік боксшыс деп санамайды. Сондай-ақ отандасымыз танымалдылық өміріне ешқандай да әсер етпегенін айтты. 

- Геннадий, сіздің келесі жекпе-жегіңіз бокс тарихына алтын әріптермен жазылуы мүмкін. Жалпы сіз үшін бұл жекпе-жектің маңыздылығы қандай? Бұған дейін өткізген кездесулеріңізден айырмашылығы бар ма?

- Әр жекпе-жектің өзіндік ерекшеліктері болады. Дегенмен де, бұл менің өмірімдегі ең үлкен кездесу болмақ. 

- "Канелоға" қарсы өтетін кездесуге дайындық кезінде жаттығуларыңызға өзгеріс енгіздіңіз бе? Себебі, қарсылас қарымды. Жекпе-жек кезінде нағыз бабыңызда болу үшін жаттығуды көбейттіңіз бе?

- Жоқ. Мен жаттығуымды өзгерткен жоқпын. Өзгерту туралы да ойлап жүргенім жоқ. Мен бұрынғыша лагерде де, залда да жұмыс істеймін. Мен өзімнің жұмысымды жақсы білемін ғой. 

- Мен бүгін сіздің жаттығуыңызды көрдім. Ал Абель Санчес болса менімен біраз жұмыс істеді. Біз қапшық ұрып, тағы басқа жаттығу жасадық. Big Bear лагеріне келгенде Санчеспен бірден тіл табысып кету оңай болды ма? 

- Бапкеріммен тіл табысу үшін көп уақыт кетті деп айта алмаймын. Бірінші жаттығуым жақсы есімде. Мен кішкентай сөмкемен келген едім. Бокс - менің тек жұмысым ғана емес. Бокс - менің өмірімнің бір бөлігі. Сондықтан да мен өз жұмысымды жақсы білемін. Санчеспен тіл табысу оңай болды. Тіпті бір-екі жаттығудан кейін жақсы жұмыс істесіп кеттік. 

- Ал Санчестің талаптары туралы айтатын болсақ ше? Бапкеріңіздің қойған тапсырмаларына қаншалықты тез бой үйреттіңіз? Бапкеріңіз сізді жетістікке жеткізеді деген сенім қашан пайда болды? 

- Санчес - керемет адам. Өз ісінің шебері. Мен оған толық сенемін. Ең бастысы - әр күні тынбай тер төгеміз. Барлық назарың жаттығуда болу керек. Сол кезде ғана чемпион боласың. Егер ынта болмаса, тек қана уақытыңды бос жұмсайсың. 

- Әлемнің үздік боксшысы екеніңізді қашан аңғара бастадыңыз?

- Мен өзімдің әлемнің үздік боксшысы деп санамаймын. Әр боксшының өз стильі бар. Өз мүмкіндігі және өз салмақ дәрежесі бар. "Мейлі, Мұхаммед Әли - ұлы боксшы, сен екіншісің", - дейді. Мен бұған да келісе алмаймын. Өйткені, біздің барлығымыз әртүрліміз. Ауыр салмақтағылар - ірі, соққылары ауыр. Жеңіл салмақтағылар - жылдам. Мен әлемдегі мықты екінші боксшы деген қызық емес әңгіме маған. P4P рейтингі туралы да солай айтар едім. 

- Сіз үнемі "бұл бокс" немесе "бұл менің жұмысым" деп айтып жүресіз. Бокс - сіз үшін қаншалықты маңызды?

- Кейде бокс сіздің өміріңіз үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Бұл өте қауіпті жұмыс. Әр-түрлі нәрсеге дайын болу керексің. Жалпы бокс - менің өмірімнің бір бөлігі дер едім. 

- Сіз мұнда тек кішкентай сөмкемен келдім дедіңіз. Сізді ол кезде ешкім де танымады. Ал қазір көп нәрсе өзгерді. Сіз жұлдыз болдыңыз. Санта-Моникада керемет үйіңіз бар. Сізді көшеде жұрттар танып, сурет түсіп, қолтаңба сұрап жатады. Танымалдылық сізге қалай әсер етті?

- Мен ешқандай айырмашылықты сезінбеймін. Танымалдылық мені өзгерткен жоқ. Мен - боксшымен. Иә, мені кейбіреулер танып жатады. Әсіресе, бокс жанкүйерлері. Олар маған құрмет те білдіріп жатады. Бірақ рингтің сыртында мен жұлдыз емес, қарапайым адаммын. 

- Дегенмен де Қазақстанның басты жұлдызысыз. Өз еліңізде жекпе-жек өткізгіңіз келеді ме? Өз еліңіздің батыры болған қандай? Сізге бір елдің бетке ұстар азаматы, чемпион деп қарайды ғой. 

- Мен өз елімнің батыры емеспін. Шынымен. Бұл мен үшін соншалықты маңызды емес. Мен тек боксшымын. 

- Мейлі, сіз боксшысыз. Головкинді жұрт несімен есте сақтап қалады сонда?

- Жақсы сұрақ. Шынымды айтсам, білмеймін. 

- Бұған дейін де айтқаныңыздай, "Канеломен" кездесуде басқа жекпе-жектерге қарағанда ерекше болайын деп тұр. Бұл кездесуде жеңіске жету үшін не істеу керек?

- Альвареспен өтетін кездесу біз үшін өте маңызды. "Канело" - ерекше боксшылардың бірі. Ол чемпионы. Бұл кездесу - бокс үшін де маңызды жекпе-жек болады деп сенемін. Жеңіске жету үшін, тек жақсылап дайындалу керек. 

Жарнама

Живи спортом!