Танымал видеоблоггер "Канелоны" жекпе-жекке шақырды

Сурет: fightnews.info

Танымал видеоблоггер Джейк Пол супер орта салмақтағы WBC, WBA және WBO белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

"Канело" - супер орта салмақтағы киллер! Бірақ көпшілік менің таза салмағым бірінші ауыр салмаққа келетінін біле бермейді. Біздің салмағымыз бен бойымызда үлкен айырмашылық бар. Соңғы екі кездесуінде оның қарсыластары мықты болмады. Сондықтан оңай жеңді. 

Маған осылай мықты қарсыластармен шығып, ақылы көрсетілімнің жұлдызы болып қала беру керек. Бұл бизнес қой. Егер Альварес мені байқап, ақша жасағысы келетін болса, менімен міндетті түрде кездеседі", - деді Пол. 

Айта кетейік, Джейк Пол өзінің келесі кездесуін 28 тамызда өткізеді. Оның қарсыласы Тайрон Вудли болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар