auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Танымал тілші Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қайда өтетінін айтты

Танымал тілші Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қайда өтетінін айтты
©: HBO
Бокс туралы жазатын UCNLive порталының танымал журналисі Стив Ким 5 мамыр күні жоспарланған орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы кездесудің қайда өтетінін айтты. 

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуді қабылдауға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінің мүмкіндігі мол. Дәл осы спорт кешенінде бұл екі боксшы арасындағы бірінші кездесу өткен болатын. Сонымен қатар жекпе-жекті Нью-Йорктегі Madison Square Garden қабылдауға дайын. Ал 80 мың жанкүйерге арналған Далластағы AT&T Stadium стадионы кездесуді қабылдаудан бас тартты. 

"Егер Эрик Гомес ("Канелоның" промоутері) пен Том Леффлердің (Головкиннің промоутері) сөздерін нақты аударатын болсақ, жекпе-жекті қай арена көп ақша төлейді, сол қабылдайтын болып тұр. Сондықтан бұл жерде Лас-Вегастың мүмкіндігі мол. Леффлердің айтуынша, Madison Square Garden көп ақша төлеуге дайын екен. Бірінші кездесудің билеттер сатылымынан 26 миллион доллар пайда түскен болатын. Ал MSG спорт кешені 30 миллион доллар табыс түсіре аламыз деп отыр. Бірақ Нью-Йоркта салық проблемма. Қонақ үйлердің бағасы да қымбат. Сонымен қатар MSG көп салалы спорт кешені. Сол үшін де бұл жерде шығын көбейіп кетеді. 

Головкин мен "Канело" Нью-Йоркті не үшін таңдап отырғаны белгілі. Өйткені, бұл қала екі боксшы үшін да бейтарап алаң болады. Ал Далластағы AT&T Stadium стадионы Ұлттық футбол лигада дравты қабылдайын деп жатыр. Ол сәуірде өтеді. Кейін стадионды бокс кешіне дайындап үлгермейді. Сондықтан стадионның қожайын Джерри Джонс жекпе-жекті қабылдаудан бас тартты. 

Осы жағдайлардың барлығын назарға алатын болсақ, Вегас - екінші кездесуді қабылдауға анық фоварит болып тұр", - деп жазады Ким. 

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу "T-Mobile Arena" спорт кешенінде жанкүйерлерді жинау көрсеткіші бойынша рекорд орнатқан еді. Сонымен қатар бұл кездесудің билеттер сатылымы бойынша көрсеткіш бокс тарихында үшінші орынға жайғасты.

Ал Daily Mail баслымының дерегі бойынша, бірінші кездесуде қазақстандық боксшы 25 миллион доллар табыс тапса, мексикалық боксшы отандасымызға қарағанда 10 миллион долларға көп табыс тапқан.









Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама