Профи-бокс
26 қыркүйек 2022 17:20
 
Танымал комментатор Головкин мен "Канелоның" үшінші айқасы туралы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Танымал комментатор Головкин мен "Канелоның" үшінші айқасы туралы ойын айтты ©HBO

Америкалық ESPN, Fox және Showtime арналарының танымал комментаторы Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) арасында өткен үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті. 

17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өткен үшінші айқаста Альварес төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, екінші орта салмақтағы WBA Super, WBO, WBC және IBF белбеулерін қорғап қалды. Ал Головкин үшін бұл екінші орта салмақтағы бірінші кездесуі болды. 

"Трилогияны жанкүйерлер тағатсыздана күтті. Боксшылардың бір-біріне деген өштігі де кездесудің жарнамасын қыздырып жіберді. Бірақ менің бұл кездесуге көңілім толмады. "Канело" өз карьерасында ең іш пыстыратын айқастарының бірін өткізді. Головкин тек соңғы жағында қарқын қосты. Алайда шынайы айқасты біз көре алмадық. Боксшылардың деңгейі мен шеберлігі жоғары екені күмәнсіз. Негізі мұндай жұлдыз боксшылардың кездесуін тамашалау да бір бөлек. Дегенмен үшінші айқас алғашқы екеуі секілді қызық болмады. Сылбырлық. Міне, осы дүние үшінші жекпе-жектің көркін кетірді. Енді менің ойымша, бұл боксшыларға төртінші рет кездесудің қажеті жоқ. Барлық мәселе шешілді", - деді Шеридан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!