Танымал комментатор Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті

©HBO

ESPN, Fox және Showtime арналарының тамымал комментаторы Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасында өтетін үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті. 

"Алты жыл бұрын бұл боксшылардың жекпе-жегін көпшілік қатты күтті. Қазіргі уақытта бұл айқасты бокс тарихындағы ең мықты жекпе-жектің бірі деуге болады. Бір-біріне осынша өш қарсыластарды қазір таба алмаймыз-ау. Бұл екеуі әлі кім мықты екенін нақты анықтамады. Үшінші айқас осы сауалға жауап беру керек. Негізі осы кездесу екі-үш жыл бұрын өту керек еді. Қазір Головкин қартайып қалды. Рингте оның жасы өз әсерін береді. Бірақ оның соққысы мықты. Боксшы ретінде интеллекті де жақсы. Сондықтан "Канелоға" әжептеуір қауіп төндіреді ол. Головкин - Альварестің карьерасындағы ең қауіпті қарсылас", - деді Шеридан.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар