Танымал америкалық блоггер бокстан қанша пайда тапқанын ашық айтты

©Reuters

Кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген танымал америкалық видеоблоггер Джейк Пол шаршы алаңда өнер көрсетіп жүріп қанша табыс тапқанын айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

"Мен бокстан 45 миллион доллар табыс таптым. Соңғы 25 жылда ең көп сыйақы алған боксшылардың тізімінде үздік бестікке кіремін. Мұны менің көрсеткіштерім айтып тұр", - деді Пол. 

Пол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Әзірше америкалық нағыз кәсіпқой боксшылармен кездескен жоқ. Бірақ UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлиді жеңіп, ММА шебері Бен Аскренді нокаутқа түсірді. 

Ол өзінің келесі кездесуін Хасим Рахманға қарсы өткізеді. Бұл кездесу 6 тамыз күні Нью-Йорк қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар