Таңдау жасалды ма? Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі туралы тың ақпарат шықты

Сурет: Matchroom Boxing©

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО)  менеджері Зия Алиев Vesti.kz порталына берген сұқбатында Олимпиада ойындары чемпионының келесі кездесуі туралы айтты. Бұған дейін менеджер боксшымыздың шаршы алаңға қашан оралатыны туралы да айтып берген болатын. 

Өткен жылы Елеусінов әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін жеңіп алды. Биыл қазақстандық боксшы бұдан да мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. 

- Жақында Даниярдың келесі жекпе-жегі қашан өтетінін және қарсыластың кім болатынын ресми хабарлаймыз, - деп бастады әңгімесін Алиев. 

- Келесі қарсылас Давид Аванесян емес пе?

- Жоқ. Мен бұған дейін айтқан ем. Даниярдың келесі қарсыласы Давид емес. 

- Қандай қарсыластарды қарастырып жатырсыздар?

- Әлі келісімшарт жасалмады. Сол үшін ештеме айта алмаймын. Бірнеше қарсыластарды қарастырып жатырмыз. Олардың қатарында мықты боксшылар да бар. 

Айта кетейік, бұған дейін Елеусіновтің келесі кездесуін мамыр немесе сәуір айында шаршы алаңға қайта оралатыны туралы ақпарат шыққан болатын. Бірақ Алиев бұл ақпарат әлі нақты емес екендігін айтты. 

 

 

 
 

Метки:
Жаңалықтар