Орта салмақтағы WBA ұйымының "суперчемпионы" Риото Мурата (16-2, 13 КО) осы салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек алдында Мексика елінің боксшыларымен спарринг өткізуде, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Негізі әу баста Мурата мен Головкин өткен жылдың желтоқсанында жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ Жапония елінде коронавирустың өршіп кетуіне байланысты шектеулер қойылып, кездесу кейінге шегерілді. Содан соң жапониялықтар айқасты ақпанда өткізуді жоспарлады. Бірақ кейін сәуірге ауыстырылды.
Жеңіліс таппаған нокаутшы Головкинді чемпиондық атақтан айыруға ниетті
12 қаңтар күні 36 жасқа толған Мурата қазіргі уақытта бұл кездесуге дайындық өткізуде. Ол спарринг қарсыласы ретінде Рикардо Адриан Луна (23-8-2, 15 KO) және Хосе де Хесус Масиас (28-10-4, 14 KO) деген мексикалық боксшыларды таңдап алған.
Аsianboxing.info ақпараты бойынша, мексикалық боксшылар Жапонияға шекара жабыларға дейін келіп алған. Соңғы жаттығуында Мурата Лунамен спарринг өткізген. Басылым ұзақ үзіліске қарамастан жақсы бабында екенін жазады.
Жапониялық "суперчемпион" Головкинмен ертерек айқас өткізгісі келетінін айтты
Айта кетейік, GGG соңғы кездесуін 2020 жылы АҚШ жерінде өткізіп, полшалық Камиль Шереметаны (21-2-1, 5 КО) жеңді. Осылайша ол 21 мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Ал Мурата болса 2019 жылы канадалық Стивен Батлерге (28-3-1, 24 KO) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.