Профи-бокс
7 қараша 2020 17:07
 
"Соттасып жатырмыз". Оскар Де Ла Хойя "Канелоның" командасынан кетуіне қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Соттасып жатырмыз". Оскар Де Ла Хойя "Канелоның" командасынан кетуіне қатысты пікір білдірді Сурет: karate.ru

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің командасынан кеткенін ресми мәлімдеді. 

"Соттасып жатырмыз. Сот процессі екі жақтың қалауы бойынша басталды. Біз "Канелоға" тек сәттілік тілейміз. Енді назарымызды Райан Гарсия, Хайме Мунгиа және Вирджил Ортис секілді боксшыларға аударамыз. Бұл боксшылардың барлығы да чемпион бола алады. DAZN компаниясымен бірлесіп, енді осы жігіттермен жұмыс істейміз", - деді Де Ла Хойя.

Еске салайық, қыркүйек айының басында Альварес GBP және DAZN компанияларына 208 миллиондық шағым түсірген болатын. Сауль 2019 жылы рингтке шықпағанына көңілі толмай, сотқа арызданды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, енді "Канело" шаршы алаңға 19 желтоқсан шығуы мүмкін. Оның қарсыласы супер орта салмақта IBF чемпионы Калеб Плант болуы ықтимал деген ақпарат бар. 

Жарнама

Живи спортом!