auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сондрестен ұтылатын болсам карьерамды аяқтаймын, бірақ мен бұған дайын емеспін - Мюррей

Сондрестен ұтылатын болсам карьерамды аяқтаймын, бірақ мен бұған дайын емеспін - Мюррей
©:fightnews.ru
Британдық боксшы Мартин Мюррей орта салмақтағы WBO тұжыры бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен өтетін жекпе-жек қарсаңында өзінің күшіне сенімді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com" порталы. 

"14-сәуір күні мен бабымда боламын. Головкинмен кездесуді қоспағанда барлық титулдық жекпе-жектерімді төрешілердің шешімімен ұтар едім. Бұл менің бесінші титулдық кездесуім. Осы жолы мен британдық боксшымен Англия жерінде жекпе-жек өткіземін. Арманымды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып отыр. 14-сәуір менің сәтті күнім болып, әлем чемпионы атанатыныма сенімдімін. Сондерс жас, тың, әрі карьерасының шыңында тұр. Дегенімен менің тәжірибем көп және жеңіске деген құштарлығым жоғары. Мен ұтылатын болсам карьерамды аяқтаймын, бірақ мен бұған дайын емеспін. Мен белбеуді ұтып алғым келеді, мен қайтпаймын. Ал қайтпайтын адам қауіпті",- деп жеткізеді Мюррейдің сөзін Sky Sports.

Еске сала кетейік, Лондонда О2 аренасында өтетін Сондерс пен Мюррей арасындағы жекпе-жек 14-сәуірде өтетін бокс кешінің  басты кездесуі болғалы тұр. Бұл жекпе-жектен бөлек кеште жартылай орта салмақта өнер көрсететін британдық Терри Фланаган (33-0, 13 КО) мен америкалық Морис Хуккер (23-0, 16 КО) бос тұрған WBO белбеуіне таласады. 

Сондерс үшін бұл кездесу WBO титулын қорғайтын төртінші жекпе-жек болмақ. Бұл белбеуді ол 2015 жылы желтоқсанында ирландиялық Энди Лиді (35-3, 24 КО) ұтып иеленген болатын. WBO титулы Головкиннің абсолютті әлем чемпионы болуына жетпей тұрған жалғыз белбеу. Соңғы екі жылда қазақстандық боксшы Сондерспен жекпе-жек өткізуге келісім-шарт жасасуға тырысқан. Бірақ екі жақ келісімге келе алмаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама