Сондерс биыл бір кездесу өткізгісі келеді. Ол қазір айқасытың қашан өтетінін күтіп отыр.
"Бұл Хирннің кінәсі емес екенін білемін. Алайда маған бір кездесу өткізу керек. Егер "Канеломен" келісе алмасақ, басқа жігіттермен кездесуге дайынмын. Мысалы, Каллум Смит немесе Деметриус Андраде", - деді бридандық боксшы.
Сондерс 2019 жылдың қараша айынан бастап шаршы алаңға шықпады. Ол соңғы кездесуінде аргентиналық Марсело Косерасқа қарсы шығып, 11 раунда жеңіске жетті.
Ал Альварес болса соңғы кездесуін былтыр қараша айында Сергей Ковалевқа қарсы өткізіп, 11 раундта жеңген болатын.
Бұған дейін DAZN "Канелоның" түркиялық боксшы Авни Йылдырымға қарсы кездесуіне рұқсат бермеді. Компания басшылары мексикалық боксшының атақты қарсыласқа қарсы шыққанын қалап отыр.